Batyr Jamal — 2021 жылы құрылған, қыздар үшін құқық, қауіпсіздік және өзіндік құндылық тақырыптарына басымдық беретін Қазақстандағы тәуелсіз ағартушылық медиа.Біздің мақсатымыз — түрлі терминдер мен жағдайларды, оқиғаларды зерттеп, терең түсініп, оны оқырман қыздарға жеткізу. Осы арқылы оларды біліммен қаруландырып, дүниетанымын кеңейтіп, өзіне деген сенімін нығайтқымыз келеді. Batyr Jamal — қыздар мен әйелдерге арналған safe space, мұнда оқырмандардың барлық күмәні, қорқынышы мен жан ауырсынуын түсіне отырып, қамқорлықпен ағартушылық жұмыс жүргізіледі.Біздің миссиямыз — әйелдер барлық іргелі құқықтарға ие болып, құқық қорғау жүйесі мен заңдар арқылы қорғалатын қоғам қалыптастыру. Зорлық-зомбылық пен сексизмге мүлде төзбеушілік бар, әйелдерді құрметтейтін әрі оларды объект ретінде қабылдамайтын қоғам құру. Әйелдер әділетсіз соттан немесе қоғамдық айыптаудан қорықпай, өз өмірін еркін басқаруға құқылы болуы тиіс.